• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
27 Қазан, 2016

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы  №604

259 рет
көрсетілді

  2016 жылғы 21 қазан, Астана, Үкімет Үйі Жекелеген қызмет түрлерінің және төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдауға арналған жабдық (құрылғы) қолдану тізбесін бекіту және «Жекелеген қызмет түрлерінің және төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдауға арналған жабдық (құрылғы) қолдану тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 қазандағы № 1147 қаулысының күші жойылды деп тану туралы «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 39-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған жекелеген қызмет түрлерінің және төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдауға арналған жабдық (құрылғы) қолдану тізбесі бекітілсін. 2. «Жекелеген қызмет түрлерінің және төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдауға арналған жабдық (құрылғы) қолдану тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 қазандағы № 1147 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж. № 66, 613-құжат) күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б.САҒЫНТАЕВ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 21 қазандағы №604 қаулысымен бекітілген Жекелеген қызмет түрлерінің және төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдауға арналған жабдық (құрылғы) қолдану тізбесі Р/с № Қызмет түрі 1 2 1 Автомобильдер мен мотоциклдерді көтерме және бөлшек саудада сату, оларды жөндеу және техникалық қызмет көрсету 2 Көтерме және бөлшек сауда 3 Қонақүйлердің қызмет көрсетуі 4 Мейрамхана қызметтерін көрсету, тамақтануды ұйымдастырудың өзге де түрлері мен сусындар беру 5 Әуе және теміржол көлігіне жол жүру құжаттарын (билеттерді), багаж және жүк-багаж түбіртектерін сату 6 Жүктерді көліктік өңдеу, қоймаға жинау мен сақтау жөнінде қызмет көрсету, тасымалдау жөніндегі қосымша көрсетілетін қызметтер мен жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметтер 7 Туризм саласында көрсетілетін қызметтерді ұсынатын туристік операторлардың және өзге де ұйымдардың қызметі (туристік агенттерден басқа) 8 Сақтандыру саласындағы қызмет 9 Денсаулық сақтау саласындағы қызмет 10 Білім беру саласындағы қызмет 11 Кинофильмдерді, бейне және телевизиялық бағдарламаларды тарату жөніндегі қызмет, кинофильмдерді көрсету 12 Фитнес, спорттық клубтар, дискотекалар қызметі 13 Құмар ойындарын және бәс тігуді ұйымдастыру жөніндегі қызмет 14 Боулинг (кегельбан) және бильярд бойынша қызмет көрсету Ескертпе: Көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыратын жерлерде төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдауға арналған жабдық (қондырғы) орнату мен қолдануды қамтамасыз ету, сондай-ақ төлем карточкаларын пайдалана отырып қабылдау өзі өндірген ауыл шаруашылығы өнімдерінің, өзі өндірген акваөсіру (балық аулау) өнімдерінің көтерме және бөлшек саудасы саласында кызметін жүзеге асыратын дара кәсіпкерлерге және (немесе) заңды тұлғаларға; стационарлық емес сауда объектілері арқылы жүзеге асырылатын кызметке қолданылмайды.